Красиловка бастауыш мектебінде Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған Тілдер апталығы өтті. Тілдер апталығын өткізуге мұғалімдер алдын ала дайындалды.
Қазақ, ағылшын тілі мұғалімдері сабақ барысында оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, пән бойынша білімдерін бекітті, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу және тапқырлықты дамытты, танымдық қызығушылықтарын және ұжымда жұмыс істей білуін тәрбиеледі.
Қорытындылар:
Барлық іс-шаралар оқушылардың белсенді қатысуымен жақсы деңгейде өтті. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдерді әдеби мұрамен таныстыру үшін өте маңызды және қажет.
Қазақстан халықтарының Тілдер апталығы аяқталды, бірақ өткізілген іс-шаралардың мерекелік көңіл-күйі оқушылардың есінде ұзақ сақталады. Балалар Қазақстан – біз қай тілде сөйлесек те, ортақ үйіміз екенін атап өтті. Бұл туралы ұмытпау керек. Балаларды ел халықтарының тілі мен мәдениетіне деген құрметке баулу үлкен құлшыныспен. Бұл міндетті біздің мектептің педагогикалық ұжымы жүзеге асыруға тырысады.