«Соңғы қоңырау» мен «4 сыныптағы қоштасу кеші»
мерекесінің өтуі жайлы ақпарат
Красиловка бастауыш мектебі
2018-2019 оқу жылы
Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын 25 мамыр күні сағат 11.00- де мектеп фойесінде өтті.
Мектеп фойесі мерекеге сай безендірілді. Бірінші болып салтаннатты мерекемізге мектеп түлектері – 4 сынып оқушылары ортаға шықты.
Соңғы қоңырау әдеттегідей ҚР мемлекеттік әнұраныннан басталды. Алғашқы сөз мектеп меңгерушісі Жуковская Ирина Ивановнаға беріліп, ол кісі мектебіміздің жыл бойғы жетістіктерін ортаға салды. Оқу үздіктері мен жақсы үлгеретін оқушыларға алғыс жариялап, мақтау қағаздарымен марапаттады.
Мерекеде сынып жетекшілер және ата-аналар да жүректері лүпілдей соғып, алдағы кездесетін өмірдің үлкен сындарынан мүдірмей өтіп, қиындықтарды жеңе білетіндеріне сенім артып жүректен шыққан жылы тілектерін жеткізді.Ата- аналар және 1 сынып оқушылары атынан түлектерге деген көптеген тілектер мен ыстық ықыластар айтылды.
Қорыта айтқанда, соңғы қоңырау өте жоғары дәрежеде өтті.