17.12.2024
Мереке қарсаңында біздің мектепте Республикамыздың Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарында мұғалімдер балаларға Қазақстанның тарихи өткені және Ұлы еліміздің қалай өркендегені туралы айтып берді.Қазақстан егеменді мемлекет болғанға дейін көптеген сынақтардан өтті.
Бастауыш сынып оқушылары сынып сағаттарында Отанға,жас астанамызға деген сүйіспеншіліктерін білдірді.Сынып сағаттары ҚР Әнұранын орындаумен ашылды.Содан кейін Қазақстанға арналған өлеңдер мен әндер шырқалды.
Мақсаты: қазақстандық патриотизмді, интернационализмді, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу;
Балаларға Қазақстан-көпұлтты мемлекет деген түсінік беру
* Отансүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, қазақ халқының мәдениеті мен мұрасына деген қызығушылықты тәрбиелеу;
* Қазақ және орыс тілдерін меңгеру және түсіну арқылы балалардың ішкі әлемін байыту, ортақ ой-өрісін дамыту;
* Сабақта алған білімдерінің багажын толықтыру, алған білімдерін бекіту және жандандыру